Арақ шайтан
Бүгін көшеде бір жас қызды көрдім. Бір көзі ісіп, іші қанталап кеткен, үсті басы қан. Қатты соққы тигені көрініп тұр. Қасындағы әйелге, қазірде өлесі мас болып отыр ғой,-дегенді естіп, күйеуі ішіп кеп ұрғанын түсіндім. Арақ қазір бүкіл әлемді тұншықтырып, өлтіру күшіне ие, үлкен зұлымдыққа айналды. Басы, қол-аяғы жоқ арақ қалайша осындай, алпауыт күшке ие болды екен. Сөйтсек, оның басы да, қолы мен аяғы, аузы керек десеңіз қызметші құлдарыда бар екен. Арақтың басы оны жасап шығаратындар, арақтың үйі оны сақтайтын дүкендер мен қоймалар, арақтың аяғы оны сатып алып, үйлеріне таситындар. Оның қолы, арақты айналасына ұзататындар, арақты жақтап сөйлеушілер, оның аузы ішетіндер, арақтың құлақ кесті құлы. Осының бәрі Құранда бірақ аятпен айтылған: "Арақ құмар шайтанның лас істерінен, одан аулақ болыңдар, құтыласыңдар." - " Мәйидә сүресі".
Жаңағы көзі ісіп, қанталаған қыз сіздің қызыңыз немесе қарындасыңыз болса қайтер едіңіз? Ойланып көріңіз.
Абай Хакімнің:
" Арақ ішкен мас болған, жұрттың бәрі, не пайда, не залалды біле алмай жүр" - деген сөзін түсінетін адам аз. Мен үшін арақ мәселе емес, өйткені бұдан да үлкен зұлымдықтар бар. Бірақ арақтың кесірі де талай адамға тиіп жатыр. Соны көкіректе көзі барлар тыңдар, ойланар деп азырақ сөз қозғадым.
Ал ішіңдер, бұл арақ
Бұл арақтың арғы атасын сұрасаң
Ашыған дәннің уы еді
Бұл арақты кім ішсін?
Бұл арақты, араққа құл болған
Арақтан басқа уайымы жоқ,
Алқаш болған, ұл ішсін
Қара жерге құлаған, лай суға сұлаған,
Жүрегі соқыр құл ішсін..